АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІКТІ ТУ ЕТКЕН МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН» АТТЫ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

21.09.2021

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тоқсан сайын «Адалдық сағаты» акциясын өткізеді.

20-24 қыркүйек аралығында өтетін кезекті «Адалдық сағаты» қазақ руханиятында терең із қалдырған,  қаһар­мандық, батырлық әрекетімен,  ғылыми ізденістерімен, ұстаз­дық және қалам­герлік қабілет-дарынымен, жан дүниесінің кіршіксіз мөлдір тазалығымен өзге­шеленетін тарихи тұлға - Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге арналған.

Акцияның басты мақсаты – ұлы тұлға ойшылдың еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.

Қазақ кеңес ғалым-педагогы жас ұрпақтың тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Мәлік Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегі - өскелең ұрпақты патриотизм мен батылдыққа тәрбиелеуде өз мәнін жоғалтпаған құнды еңбек. Бұл кітапта халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік функциялары ашылады.

Мәлік Ғабдуллин ұлтын сүйген ұлы тұлға ғана емес, өмірлік ұстанымы да  ерекше жан болатын. Ол өз халқын, өз ұлтын сүйгенін ешқашан жасырған емес. Ұлы Отан соғысында Мәлік батырдың өзі мен жолдастары бастан кешкен соғыс өмірі  туралы жазбаларында ол өзі көрген өмірдің қызықты да қалтарысты сырын, батырлық пен қорқақтық, төзім мен намыс, достық пен қастандық туралы толғанады.

Бейне-дәріс облыстық телеарнада көрсетілуде, сондай-ақ, Youtube арнасында, Департамент пен «Aqmola-Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда орналастырылған. Аталған акцияға өңірдегі 555 мектептің, 4 ЖОО-ның және 32 колледждің оқушылары қатысты.

Бейне-дәріске сілтеме:

https://youtu.be/jZetZECK_4E



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 21.09.2021 16:42
Құрылған күні: 21.09.2021 16:48

Текст