АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көкшетау қ. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК оқытушы мен қызметкердің ар-намыс кодексі

Педагогикалық кеңестің отырысында қаралған және бекітілген
2020 ж. 26 тамызындағы №1 хаттамсы

Мазмұны:
1. Жалпы ережелер
2. Бірлескен прициптер мен құндылықтар
3. Колледждің педагогикалық ұжымының бірлескен этикасы
4. Кәсіби бірлестіктің ар-намыс кодексінің нормасын бұзғаны үшін жауапты

 

1. Жалпы ережелер.
1.1. Осы Кодекс «Көкшетау қ. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі»МКҚК (әрі қарай- Колледж) оқытушылары мен 
қызметкерлерінің бірлескен мәдениет пен тәртіптің негізгі ережелерін анықтайды.
1.2. Колледж оқытушысы мен қызметкерлерінің ар- намыс кодексі колледжде жағымды моральды -психологиялық климатты 
жасауға бағытталған.
1.3. Осы кодекстің барлық нормаларының жүзеге асыруының басты мақсаты – кәсіби бірлестіктің бірлескен мәдениетін нығайту, 
колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің беделін арттыру.
1.4. Колледждің әр оқытушысы мен қызметкері, осы кодекстің нормаларын мүлтіксіз орындап, колледждің іскерлік репутациясы 
мен имиджын нығайтуға өз үлесін қосады. 
 

2. Бірлескен прициптер мен құндылықтар.
2.1 Колледждің қызметі төмендегі принциптерге негізделген:
2.1.1. Колледж – сапалы білім, мәдениет, ғылымның және инновацияның басты орталығы, оқу үдісінде оқытудың жаңа 
технологияларын пайдаланады.
2.1.2. Болашаққа ұмтылған Колледж, колледждңң білім концепциясын тиімді етіп жүзеге асырады.
2.1.3. Колледж өз қызметкерлерін бағалайды және құрмет тұтады және әр қашан ең жоғары этикалық стандарттарға 
сәйкес әрекет етеді.
2.1.4.Колледж кез келген жемқорлық пен парақорлықтың танылуына жол бермейді.
2.1.5. Коледждің рухы – бірлікте. Оқытушылардың, қызмткерледің және студенттердің креативтігі, сәйкессіздігі және 
серіктестіктері  — бірлескен этиканың тән қасиеті.

2.2 Бірлестіктің басты құндылықтары.
2.2.1.Қсынған білім беру қызметі бәсекелестікке сәйкес.
2.2.2. Әлемнің білім беру кеңістігінде интеграциялану.
2.2.3. Өзгерістер мен инновацияларға ашылып қарау.
2.2.4. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелеге тұрақты бағдар.
2.2.5. Жоғарғы академиялық жауапкершілік.
2.2.6. Жетілдіру мен шығармашыл дамуға тырысу.
2.2.7. Адамгершілік, отансүйгіштік, азаматтылық.
2.2.8.Қызметкер мен білімалушының тұлғаларына құрмет, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
2.2.9. Колледжге бар ниетімен берілген және оның жоғарғы стандарттарына сай болуға дайын. 

 

3. Колледж ұжымының бірлескен этикасы.
3.1. Колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің міндеті:
3.1.1. Оқу орнының статусын,  Колледж оқытушысы мен қызмткрінің жоғарғы атағын өзінің еңбегімен ақтай отырып, 
ар-намысымен және қадір-қасиетімен  қолдау.
3.1.2. Осуществлять миссию колледжа и в профессиональной деятельности соотносить свою миссию с корпоративной.
3.1.3. Колледждің алдына қойған міндеттері мен мақсатын жүзеге асыру үшін жауапты болып, колледж қызметінің 
қорытындысына қатысу.
3.1.4. Өзіңнің қызметтік міндетіңді атқарғанда, әріптестерімен және студенттермен жоғары мәдениеттілікті, жауапкершілікті, 
адал ниетті, академиялық шындықты және әділдікті, өзара құрмет принципін сақтап, корректі, мейрімді қарым-қатынаста болу.
3.1.5.Ғылымның шетелдік және отандық қол жеткізген табыстарын оқып үйреніп,  Өз білім деңгейін тұрақты көтеріп,шеберлікке ұмтылу. 
3.1.6. Студенттерге еңбек тәртібінің үлгісі болып, өз колледжіне, оның дәстүріне, тарихына ұқыпты және құрметпен қарау.
3.1.7. Колледждің іскерлік абыройын бағалау, колледждің мүддесіне нұқсан келтіретін немесе қарсы әрекеттерден қалыс қалуға, 
ар-намысы мен беделін түсіретін кез келген әрекетке жол бермеу.
3.2. Оқытушылар мен қызметкерлердің тиісті емес:
3.2.1. Әріптестері мен студенттердің абырой намысын кемсітуге, лексикадан тыс сөздерді қолдануға,тәкәппәрлік пен  тегін атап
сөлеуге жол жоқ.
3.2.2. Студенттердің көзінше әріптестерінің жеке өміріне қол сұғып және олардың кемшілігін сөз қылуға болмайды.
3.2.3. Мас күйінде келуге және колледжде спирттік ішімдіктер ішуге, көрсетілмеген жерде темекі шегуге.
3.2.4. Студенттерден сыйлықтар немесе ақшалай марапаттар алуға.
3.2.5. Ұлтаралық бірлікке және конфессияаралық келісімге қарсы діни идея мен көзқарастарды таратуға. Колледжде және басқа да 
қоғамдық орындарда хиджаб, сақал және қысқа шалбар киуге.
3.2.6.Жұмысқа кешігуге, сабақ өткізу және өзінің қызметтік орындауға берілген уақытын қысқартуға, оларды себепсізден босатуға.
3.2.7. Өз міндетін атқарған кезде дөрекілік пен назар аудармауға.
3.2.8. Студенттерге қатысты өзінің лауазымдық өкілеттілігімен теріс пайдалануға, олардың білімін бағалау кезінде бір жақты пікірге жол беруге.
3.2.9. Колледж әкімшілігі мен оның бөлімдері қызметтерінің шешімдері туралы расталмаған ақпаратты таратуға.
3.3. Басшы мен басшыға бағынышты адамдар арасындағы өз ара қатынас.
3.3.1. Басша міндетті:

өзінің кәсіби және жалпы адами қасиетімен бағынышты адамдарына үлгі болуға;
өз тәртібінің нормасы мен принциптерін іскерлік қатынастың бірлескен этиканың негізгі ережелеріне негіздеуге;
бағынышты адамдарының тұлғасына құрметпен қарап, олрдың ар-намысына қысым жасамауға;
ұжымда іскерлік және жағымды орта құруға.
3.3.2. Бағынышты адамдар міндетті:
— еңбек тәртібін қатал сақтауға;
— тікелей жетекшісіне уақытылы өзінің келмегені туралы ақпарат беруге;
— колледж басшысын тікелей танып, оның аты-жөнін білуге;
— дәлізде немесе ашық алаңда басшымен кездесе қалғанда бірінші болып амандасуға;
— ғимаратқа кіре берісте, іштегі адамдармен бірінші болып амандасуға.
3.3.3. Әріптестерімен қарым-қатынас:
— бір-біріне құрметпен қарау;
— жайсыз жағдай орын алған кезде (қылық) міндетті түрде кешірім сұрауға;
— басқа қызметкерлердің алдында әріптесін, бағынышты адамын, жетекшіні сынаудан қалыс қалуға;
— қауесеттерге ермеуге, олардың таралуына жол бермеуге;
— жұмыс уақытында тек қана өзінің қызметіне тікелей байланысты іспен айналысуға;
— балағаттамауға, ұстамды болуға және агрессияға жол бермеуге;

— әріптестеріне көмек көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісуге.
3.3.4. Жұмысқа қатынасы басты кәсіби міндеті сияқты болуға:
— студенттер үшін үлгі болуға;
— білікті болуға, әрқашан жоғарғы ғылыми–педагогикалық біліктілігіне қолдау көрсетуге;

— оқушылардың білімін, біліктілігі мен дағдысын әділ де адал бағалауға;
— өзіңнің күшіңді, біліміңді және тәжірибеңді колледждің ғылыми ісі жетістіктерін үстемелеуге жұмсауға.
— плагиатқа жүгінбеуге, жарық көрмеген ақпарат көзедіне идея тақпауға.
3.3.5. Жиналыстар мен кеңестер өткізу:

— жиналыстар мен кеңестерге уақытында келге;
— күн тәртібімен ертерек танысып және барлық қажетті құжаттарды өзімен бірге ала келуге;
— жиналыстың немесе кеңестің басталар алдында ұялы телефонды өшіріп қоюға;
— жиналыс мінбесін жеке басының мәселесін шешуге қолданбауға.

 

4.Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік.
4.1. Ар-намыс кодексі барлық оқытушылар мен қызметкерлердің бірдей дәрежедегі  ісі болып саналады.
4.2. Колледж оқытушылары мен қызметкерлері ар-намыс кодексін білуге және сақтауға міндетті, өзінің ісі мен тәртібіне 
қатал жауапкершілікпен қарауы тиіс.
4.3. Кодекс ережесін бұзғандарға колледж оқытушысы және қызметкері статусына сай келмейтін іс әрекет деп қаралады. 
4.4. Колледждің ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін, қызметкерлерге, оқытушыларға және студенттерге 
төмендегідей шаралар қолданылуы мүмкін:
— көпшілік алдында кешірім сұрауға ұсыныс беруге;
— жетекші Кеңесі алдында тәртібін талқылау;
— тәртіптік жаза қолдану.

Жаңартылған күні: 08.10.2020 10:03
Құрылған күні: 03.02.2021 17:17

Текст