АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК этика кодексі

Педагогикалық кеңестің

 отырысында қаралды

және бекітілді

2020 жылдың 26 тамызындағы

№1 Хаттама

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Осы этика кодексін «Көкшетау қаласы. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК (әрі қарай-Кодекс) Қазақстан Республикасы заңнамаларының ережелеріне сай, Халықаралық Еңбек Ұйымының талаптарын, Жарғысын, және басқа да ішкі құжаттарды ескере, және мекеме қызметкерлерінің жетекшілік ететін ережелері мен принциптерінен құралып жасалған.     

2. Осы Кодекстің мақсаты Мекемедегі бірлескен мәдениеттің дамуы және қызығушылық танытқан тұлғалар арасында тәртіптің үздік тәжірибелерін пайдалана тиімді қарым-қатынас құру.

3. Мекеме осы Кодекстің талаптарын, лауазымды тұлғалар мен Мекеме қызметкерлерінің арасында кездесетін стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау үшін сонымен қатар күнделікті жағдайларда басқа да мүдделі тараптармен қарым-қатынаста қабылдайды және қолдап отырады. 

4. Осы Кодексте төмендегі түсініктер мен терминдер қолданылады:

Этика — лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің өз қызметтерінде жетекшілік ететін, іскерлік тәртіп нормалары мен принциптерінің этикалық жиынтығы;

Мүдделі тараптар — Құқығы Заңнамалармен және Жарғымен қаралып, жүзеге асырылатын тұлға.

Мүдделілердің дауы —мүдделі қызметкердің жеке басының немесе лауазымды тұлғаның өзінің лауазымдық тұлғалық міндеттерін әділ орындауға  әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, жағдай;

 Қызметкер— еңбек шартымен тікелей жұмысын атқаратын және еңбек қатынасында тұрған, тұлға.

1 ТАРАУ. ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

1.1. Бірлескен құндылықтардың негізін қалаушы болып келетіндер:

  • Меритократия: әркімнің үлесі мен жетістігін әділ және дұрыс бағалау.
  • Құрметтеу: команданың басқа мүшелеріне құрметпен қарым-қатынаста болу.
  • Шынайы: өз серіктестеріне шынайы болу.
  • Ашықтық: контактылар мен серіктестеріне ашық болу.
  • Командалық рух: бірігіп істеген қызметтен тым жоғарылау қорытынды  алу үшін қызмет жасау.
  • Сенімділік: мәдениеттілікке, бір-біріне қол ұшын беруге және сенімділікке жақын болу.
  • Жемқорлыққа қарсы күресу, жемқорлыққа нөлдік шыдамдылық.

1.2. Тәртіп ережелері мен этика талаптарын сақтай құрылған, Ұйымның қызметі мекеменің қатынасы мен барлық мүдделі тараптардың қарым-қатынасына негізделген. Өзара міндеттерін сақтау-конструктивті жұмыстың қажетті шарты.

2 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ

2.1. Лауазымды тұлғалар мен Ұйымның қызметкерлері

2.1.1. Ұйым өзіне төмендегі міндеттерді қабылдайды:

  • адам құқығын құрметтеу мен сақтауды қамтамасыз етеді;
  • мүдделі тұлғалармен барлық оның қарым-қатынастары өзара тиімді болғанына ұмтылады;
  • қызметкерлердің кәсіби дамуы мен бағдарламалық білім алуына сәйкес кәсіби дамуына және өзін-өзі дамытуға ұмтылатын қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру үшін бірдей жағдай туғызады;
  • қызметкерлерге еңбегі үшін сыйақы төлемдерін біліктілігі деңгейіне, күрделігі мен орындау сапасына сай қамтамасыз етіледі;
  • нәсіліне, дініне, ұлтына, жынысына, жасына, саяси көзқарасы немесе басқа да көзқарастарына қарауға жол берілмейді; кадрларды таңдау мен ілгері ұсыну біліктілік талаптарына сай, кәсіби қабілеті, білімі мен біліктілігі ескеріле жүргізіледі;
  • әрекеттегі заңнамаларға сай қызметкерлердің еңбеігінің қауіпсіздігі және қорғанысын сақтау үшін барлық шаралар қолданылады, сонымен қатар қызметкерлер үшін еңбектің қауіпсіздік шарттары жасалады;
  • заңнамалар мен және ішкі құжаттармен шектеліп орнатылған конфидециалды ақпараттарды таратпауды қамтамасыз етеді;
  • лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің арасында дау туа қалған жағдайда ашық және сенімді диалогқа жағдай туғызады, еңбек тартыстары мен дауларының алдын алуға/жол бермеу бойынша алдын ала шараларын қабылдап, медиация әрекеттерін қолданады; 
  • қызметкерлердің, жүзеге асырылғанда оң тиімділігі бар бастамаларын, идеялары мен ұсыныстарын бағалайды және марапаттайды;
  • жеке лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге басқаша айтқанда заңды негізде, міндетті түрде бәріне бірдей мүмкіндік туғыза отырып биік дәрежелік пен жеңілдіктерге жол берілмейді;
  • шешім қабылдайтын, лауазымды тұлғадан бастап кез келген қызметкерге дейін, аталған процестің кез келген этапында мүдделілердің дау туғызғанына еркін шешім қабылдағаны үшін жауапты болып келеді;

2.3. Мемлекеттік органдар

2.3.1. Ұйымның мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына, Жарғысына, осы Кодекстің басқа да жақтардың тәуелсіз негізіндегі ішкі құжаттарға сай, мемлекеттік органдар жағынан қалай болса, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер жағынан да жемқорлыққа жол бермеу принциптерін және басқа да қарсы құқықтық әрекеттерді сақтай қарым-қатынас жасау.

3 ТАРАУ. ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1. Лауазымды тұлғалар мен ұйым қызметкерлері міндетті:

  • мемлекеттік рәміздерге — Мемлекеттік Туға, Мемлекеттік Елтаңбаға, Мемлекеттік Гимінге құрметпен қарауға;
  • жалпылай қабылданған моральды-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге  және басқа да тілдерге, халықтардың салты мен дәстүріне құрметпен қарауға;
  • әдепті және биязы болуға;
  • парықсыздық пен дөрекілікке жол бермеуге;
  • әріптестеріне қолдау көрсетіп, көмек беруге;
  • әрқашан көрсеткен көмегі үшін, толық болмаған жағдайда ауызша алғыс білдіріп отыруға;

3.2. Лауазымды тұлғалар және Ұйымның қызметкерлері өздеріне төмендегі міндеттерді қабылдайды:

  • Осы Кодекспен бекітілген этика талаптары мен тәртіп ережелерін мұқият оқып үйренуге, түсінуге және әділ ұстануға;
  • өзінің лауазымдық функциялары мен міндеттерін әділ, кәсібилікпен, тиімді және бейтарап орындауға;
  • статусың мен лауазымыңа қарамастан өзіңе қабылданған міндеттерді орындауға жауапты болуға;
  • этика принциптері мен тәртіп ережелерін бұзу мәселелері бойынша тергеу жұмыстары жүргізілген жағдайда көмек көрсетуге;
  • олардың арлары мен намысына тиетіндей болған жағдайда басқа жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға, олардың ар-намыстарына нұқсан келтіретін, ары мен репутациясын қорғау үшін сотта қаралатын  тура немесе тура емес мінездемелерді бермеуге, оның ішінде бұқаралық ақпараттарда, әлеуметтік жүйелер арқылы таратпауға;
  • ҚР заңнамаларының талаптарына сай, басқарушылық шешімдерді қабылдауға;
  • Кодекс талаптары ұстанымдарына берік екенін жеке басының үлгісімен көрсетуге;
  • қарамағындағылар арасында бірлескен рух құруға уақыт бөлуге, ұжымды Ұйымның принциптері мен құндылықтарын жалпы миссиямен біріктіретін командаға жұмылдыруға;
  • қарамағындағыларға кеңес пен нұсқаулар беруге;
  • шешім қабылдаған кезде ашық принциптері мен әділдікті басшылыққа алуы қажет;
  • Ұйымның ішкі құжаттары мен шешім және актілерді ескере және құпиялықты бұзбай шынайы ақпаратты уақытылы ұсынуға;
  • Ұйым қызметкерлері тәртіп ережелері мен этика талаптарын сақталмағандығы жайлы қамжейтігіндігін еркін білдіруге тәртіп мәдениетін қалыптастырады. Тәртіп ережелері мен этика талаптарын сақтағандарға жеке басының үлгісімен марапаттайды.
  • еңбек тәртібін сақтауға;
  •  жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауға, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өндірістік санитарияны сақтауға;
  •  мүлікке ұқыпты мұқият қарауға;
  •  жұмысберушіге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайды, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкін сақтауды, сонымен қатар жұмыс тоқтап қалғанды байқаған жағдайда хабарлауға;
  • Еңбек міндеттерін орындау барысында оған айқын болған, заңмен қорғалатын мемлекеттік құпиялар, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да құпияларды жарияламауға;  
  • жұмысберушіге Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген шектеудегі келтірілген шығынды орнына келтіруге; 
  • Ұйымда жемқорлыққа қарсы бойынша жұмысты өз компетенциясының шеңберінде мақсатты түрде жүргізуге;
  • өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай жемқорлық нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
  • жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шараларды қолдануға;
  • Ұйым қызметінде жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауды қамтамасыз ету және қалыптастыруға;
  • Ұйым қызметкерлеріне жүктелген міндеттерін әділ орындауларын қамтамасыз етуге;
  • Ұйымның мемлекеттік сатып алу әрекеттерін Қазақстан Республикаксының әрекетіндегі заңнамаларға қатал сай өткізуін қамтамасыз етуге;
  • Қамқорлық кеңесімен бірігіп білім алушылардың ата-аналар ұжымының, қоғам алдында, сонымен қатар Ұйымның бюджеттік және бюджеттен тыс шығындары бойынша, сонымен қатар қаржылай-шаруашылық қызметі бойынша есеп беру кездесулерін өткізуге;
  • Ұйымның ресми интернет-ресурстарында тарификация мен штаттағы кестені ҚР әрекетіндегі заңнамаларының талаптарын ескере жариялауды қамтамасыз етуге;
  • Қызметтік құпияны, сонымен қатар қызметтік ақпараттың тарап кетуін жарияламау бойынша шараларды қабылдауға; 

жұмысберушімен іссапар туралы, жоғарғы органдарға хабарласуы туралы, сонымен қатар бұқаралақ ақпараттар құралдарына беретін мақалалары туралы жазбаша түрде келісілуі керек.   

4 ТАРАУ. ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

4.1. Бірлескен мәдениет

4.1.1.Ұйымның қызметкерлері Ұйымның бірлескен мәдениетінің дамуына, Кодекс этикасы талаптарын сақтай, өзінің басқа да әріптестерімен өз білімімен, іскерлік тәртіптерінің қабылданған ережелері, этика принциптері төңірегінде этика талаптарын сақтай және ережелерді бұзудың алдын алуына үлестерін қосулары керек.  

4.1.2. Ұйымның қызметкерлері Ұйымның бірлескен рухын қалыптастырулары керек және келесі әдістермен Кодес талаптарын сақтай қолдап отырулары қажет:

  • қол астындағылармен жеке түсініктертер бойынша кездесулер жасап тұруға;
  • өз басы үлгісі, қызметкерлер үшін өз тәртібін үлгі ретінде пайдалануға;
  • жұмыс орнында талаптарды сақтау тиімділіктің міндетті факторы болып келетін жалпы түсінігімен қамтамасыз ету.

4.1.3.Ұйым қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде, киім үлгілерінде іскерлік стильді ұстанулары керек.

4.1.4. Ұйым қызметкерлері келіссөздер жүргізу барысында өздерін сыпайы және биязы ұстаулары керек. 

4.1.5. Ұйымның барлық қызметкерлері ұжымдық ойын-сауық немесе спорттық шараларға қатысуларына болады. Сонымен қатар өздері қызметкерлер арасында бірлескендік рухты көтеру мақсатында шаралар өткізу туралы ұсыныстар жасауларына болады.

4.1.6. Ұйым қызметкерлері барлық қажетті өз құжаттары мен құжат алмастырулары ережелерін  сақтаулары міндетті. Барлық қызметкерлер өз жұмыс орындарын ұқыпты және көрнекі етіп сақтаулары керек.  

4.2. Қоғаммен байланыс

4.2.1.Ұйым қоғаммен және бұқаралық ақпараттар жүйесімен қарым –қатынаста жоғарғы этикалық стандарттардың сақталуын қадағалайды. Ұйым шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратуға жол бермейді, жетекші қызметкерлердің халық алдында сөйлегенде, өздерінің ақпараттық-жарнамалық материалдарында немесе қоғаммен байланыстағы басқа да шараларда фактілерді жасыруға немесе бұрмалауға жол бермейді.

4.2.2. Ұйымның оқиғалары туралы халық алдында сөз алуға немесе Ұйым атынан бұқаралық ақпараттар жүйесінде,әлеуметтік жүйені қосып алғанда қандайда бір өтініштер жасауға Ұйымның тек қана уәкілетті лауазымды тұлғасы мен қызметкерлері құқылы, бұл жағдайда жариялайтын өтінішті жұмысберушімен келісіліп алуы керек. 

4.2.3. Ұйым атынан сөз сөйлеген кезде қызметкерлер жалпы қабылданған кәсіби тәртіп пен этика талаптарын сақтаулары тиісті, тек қана шынайы ақпаратты таратуға, сонымен қатар әлеуметтік, нәсілдік және ұлтаралық арандатушылықты туғызатын ақпаратқа жол бермеуге.

4.2.3. Лауазымды тұлғаларға және ұйым қызметкерлеріне қызметтік жұмыс туралы және ұйымның қызметі  мәселесі бойынша халық алдында өз ойын айтуға болмайды, жалпы айтқанда егер ол:

  • Университет қызметінің негізгі бағыттарына сай келмесе;
  • Университеттің қызметтік ақпаратын жария қылатын болса;
  • Университеттің лауазымдық тұлғалары атына этикаға сай емес ойлар болатын болса.

4.3. Бақылау шаралары

4.3.1.Ұйым қызметкерлері Кодекс талаптарын қатал ұстанып және талаптың кез келген бұзушылығы туралы хабарлауы керек.

4.3.2.Ұйым қызметкерлері стратегиялық мақсаттарға жету үшін этиканың негізгі принциптерін ескере іскерлік шешім қабылдайды, және оның алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін толық жауапкершлікте. 

4.3.3. Ұйымның сәйкес қызметкерлері біліктіліктеріне байланысты, этика талаптарына бұзу мәселелеріне міндетті түрде әрекет ету, (Этика бойынша уәкілетті және жемқорлыққа қарсылардың) қолдауымен:

  • Кемшіліктерді жойып және жағдайларды  түзету бойынша уақытылы шаралар қолдану;
  • Заңнамамен орнатылған тәртіпте тәртіптік сипатындағы әрекеттегі шарларды ұсыну/қабылдау;
  • сәйкес құрылымдық бөлімшелермен/органдармен оларға қажетті ақпараттарды бере отырып кеңестер өткізу.

Осы әрекеттер ішкі тәртіпке сай ресімделуі тиіс.

4.3.4.Ұйым қызметкерлерін марапаттайды және жетілдіру бойынша кез келген конструктивті ұсыныстарға  оң көзбен қарайды.

4.3.5. Кодекс талаптарына тиісті мәселелер бойынша және/немесе этикалық мәселелер бойынша жұмыс барысында пайда болған, сонымен қатар Кодекс талаптарын бұзған, лауазымды тұлғалар мен Ұйым қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы және басқа да құқыққа қарсы әрекеттері бойынша, сонымен қатар мүдделі тұлғалар қызмет бабымен көмекке жүгінуге құқылы:

  • тікелей жетекшіге, этика және жемқорлыққа қарсы бойынша уәкілеттіге;
  • Ұйым қызметкерінің бекітілген этика талаптарын бұзған жағдайын анықтаған кезде, шешім қабылдайтын материалдар кадр қызметіне қарауға жіберіледі.

5 ТАРАУ. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ЭТИКА БОЙЫНША УӘКІЛЕТТІ ИНСТИТУТ

5.1. Жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен этика бойынша уәкілеттінің құқықтары мен міндеттері

  • Этика бойынша уәкілетті Ұйым жетекшісімен 2 жылда 1 рет тағайындалады.
  • Этика бойынша және жемқорлыққа қарсы әрекеттері  уәкілеттінің негізгі функциясы Кодекс ережелерін сақтамағандар туралы ақпарат жинау, қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға Кодекс ережелері бойынша кеңес беру, Кодекс ережелерін бұзғандары бойынша дауларды қараудың бастамашысы болу және оған қатысу.

5.2. Этика бойынша және жемқорлыққа қарсы  уәкілетті құқылы: 

  • Кодексті бұзғандарды  анықтау бойынша түскен өтініштер негізінде, сондай-ақ өз бастамашылдығы бойынша  түскен шараларды өткізуге бастамашы болуға;
  • Кодексті сақтамау мәселесі бойынша тікелей қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға жеке хабарласуға;
  • Кодекстің ережелерін қызметкерлерге және лауазымды тұлғаларға түсіндіріп және талқылап беруге.

5.3. Этика бойынша және жемқорлыққа қарсы  уәкілетті міндетті:

  • Кодекс бұзғаны туралы дау жүріп жатқан мерзімде, егер оларды осындай мәселе туғандықтан бастамашылдық себебімен күштеп жұмыстан шығарған жағдайда  қызметкерлерді қорғауды қамтамасыз етуге (еңбек заңнамаларымен бекіткен әрекеттер шеңберінде);
  • Кодексті сақтамағанына қатысты мәселелерді қарастырғанда қатысуға;
  • Кодекс ережелерін сақтамаған мәселелер бойынша қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың, сонымен қатар іскерлік серіктестері мен мүдделі тұлғалардың жүгінулерінің есебін жүргізіп отыруға;
  • Ұйым қызметкерлеріне, егер олар жүгінген жағдайда 5(бес) жұмыс күні ішінде Кодекс ережелерінің талқыламасын ұсынуға;
  • Кодексті сақтамаған мәселелер бойынша дауды қарастырғанда тәуелсіздік пен әділдікті сақтауға;
  • Кодекс ережелерін бұзғаны фактісі бойынша жүгінген қызметкердің, лауазымды тұлғаның (белгісіз болып қалғысы келген жағдайда) анонимдікті сақтауға.

6 ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ

6.1.Ұйым жетекшісі актуальдығы мен жетілдіру мақсатында Осы Кодекстің талаптарын қайта қарап және жетілдіруге, тәжірибеде қандай жағдайда жүзеге асырылады деп сараптап, сонымен қатар қажет жағдайда оған өзгерістер және / немесе мүдделі тұлғалардың нұсқауларымен және ұсыныстарын қосымша қоса алады.  

6.2. Кодекстің тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мақсатында қабылданған нұсқаулар, бекітілген тәртіппен қаралуға және бекітуге шығарылуы мүмкін. 

7 ТАРАУ.  ЖАУАПКЕРШІЛІК

7.1 Екі тарап Қ Р әрекетіндегі заңнамаларына, еңбек шартына, осы  Кодекске сәйкес, сонымен қатар жұмыс берушімен анықталған шешімдермен және актілермен жауапкершілікте.   

 

 

Жаңартылған күні: 14.01.2021 15:39
Құрылған күні: 03.02.2021 17:34

Текст