АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке шағымдану тәртібі

 

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай ақпарат орталығының 1414, 8-800-080-7777 (қонырау соғу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе қызмет беруші тарапынан дөрекілікке жол берілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе egov.kz порталы арқылы жолданады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым арызда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телфондары (егер бар болса) шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағымда әрекеттері немесе әрекетсіздігіне шағымданып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, арыздану себептері мен талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға шағымның қабылданғанын растайтын шағымның қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының  25-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде» көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Жаңартылған күні: 18.10.2023 10:15
Құрылған күні: 18.10.2023 10:16

Текст