АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК студентінің намыс кодексі

Жастар ісі комитеті

отырысында қаралды

және бекітілді

 2020 ж.7 қыркүйегіндегі

№1 Хаттама

 

Мен, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенті,  еліміздің  жоғары класты және аса өнегелі маманын дайындау бойынша Колледжіміздің миссиясын жүзеге асырудағы жауапкершілігін сезіне отырып, студенттер қауымдастығының корпоративті мәдениетін дамытуға және қолдауды өзімнің міндетім деп санап, Ақмола облысы және Қазақстанның білім мекемелеріндегі және кәсіби мамандар даярлайтын орталықтардың озық мекемелері ретіндегі имиджін сақтай отырып, осы Біржан сал атындағы музыкалық колледжі студентінің намыс кодексін қабылдаймын және  оны бұлжытпай орындаймын. 

1 - бап. Студент Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, таңдаған мамандығының шебері болуға, өзіне шығармашыл тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға тырысады.

2 - бап. Студент жасы үлкендерге құрметпен қарап, айналасындағыларға қатысты дөрекілікке жол бермейді және әлеуметтік қорғанбаған адамдарға  жаны ашиды және мүмкіндігі болса оларға қамқор болады.

3 - бап. Студент парасаттылық, мәдениет пен моральдың үлгісі, өнегесіздікке жол бермейді және жыныстық, ұлттық және діни белгілер бойынша дискриминацияға  жол бермейді.

4 - бап. Студент салауатты өмір салтын ұстанады және толығымен жаман қылықтардан бас тартады.

5 - бап. Студент колледждің дәстүрлерін құрметтейді,оның мүліктерін сақтайды,студенттер жатақханасында тазалық пен тәртіпті қадағалайды.

6 - бап. Студент шығармашылық белсенділікті дамытуға және корпоритивті мәдениет пен колледж имиджін көтеруге бағытталған барлық пайдалы және қажетті шараларды қадірлейді.

7 - бап. Колледжден тыс жерде, ол әр қашан музыкалық колледждің өкілі екенін естен шығармай және ары мен намысын құлатпауға бар күш- жігерін жұмсайды.

8 - бап. Студент барлық академиялық арсыздықтардың түріне  жол бермеумен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың ішінде: білім тексеру шаралары кезінде көшіріп алу және басқа тұлғалардың көмегіне жүгіну; жоғарғы баға алу үшін туыстық немесе қызметтік байланыстарды пайдануға, себепсіз сабақ босату, сабаққа кешігіп келу немесе сабаққа келмеу.

Студент жоғарыда атап көрсетілген барлық академиялық арсыздықтардың түрін Қазақстанды болашақта экономикалық, саяси және элитарлы басқару үшін сапалы және бәсекеге сай білім алумен сәйкес емес деп қарайды.

9 - бап. Студент Кодекстің қағидаларының бұзылғанын байқаса , өз күшімен жол бермеуге тырысады немесе бұл туралы студенттердің өзін-өзі басқару органын және әкімшілікті хабардар етеді.    

Жаңартылған күні: 15.04.2019 14:16
Құрылған күні: 03.02.2021 17:00

Текст