АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледж әкімшілігі

 

 

                    

                                               Мұхамедияр Саян Болатұлы

                      Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырамен ән айту мамандығы бойынша аяқтаған, 2000 жылы., Халықаралық «Шабыт» бесінші фестивалінің лауреаты, 2004 жылы.

Еңбек жолын 2000 жылы Көкшетау музыкалық колледжінде оқытушы болып бастаған. Алғашқы рет «Домбырамен ән айту» бөлімін ашып, дарынды шәкірттердің саңлақтары   мен облыстық және республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындаған. 

2009 жылдың сәуірінен 2012 тамызына дейін облыстық халық шығармашылығы орталығын басқарды.

2013жылы «Достар» МС директоры қызметін атқарды.

2014 жылдың қаңтарынан бастап Біржан сал атындағы музыкалық колледжіне директор болып тағайындалды.

 

                                               

                                     Шакубаева Сандуғаш Айткуловна

                         директордың оқу жұмысы жөнінен орынбасары

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі, 2001 жыл. Мамандығы «Неміс тілі мен әдебиеті».

Еңбек жолын неміс тілі оқытушысы болып бастаған, кейін Көкшетау қ. Сервисті-техникалық колледжінде бөлім меңгерушісі, әдіскер, директордың оқу жұмысы жөнінен орынбасары болып қызмет жасаған.

2018 жылдың сәуірінен бастап «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК директорының оқу-өндірісі жұмысы жөнінен орынбасары.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап директордың оқу жұмысы жөнінен орынбасары лаузымына тағайындалды.  

 

                                         

                                                    Темирова Айнагүл Багдатовна

                         директордың оқу-өндірісі  жұмысы жөнінен орынбасары

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін 2004 жылы аяқтаған. Мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ тілінде оқытылмайтын мектепте».

Еңбек жолы   № 3 Қызылту орта мектебінде аға вожатый болып бастаған, кейін  №2 Қызылту орта мектебінде бастауыш мектеп мұғалімі, одан соң Көкшетау қаласындағы Гуманитарлық-техникалық лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы.

2012 жылдан 2016 жылдар аралығында Жоғарғы техникалық мектепте оқытушы болып істеген.

2016 жылдан – Біржан сал атындағы музыкалық колледжі директорының оқу жұмысы жөнінен орынбасары.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап директордың оқу-өндіріс  жұмысы жөнінен орынбасары лаузымына ауыстырылды.                                                     

                                            

                                                                                                           

                                            Мадиева Гүлмира Қайыржанқызы

                           директордың тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары

1994 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік институтының филология факультетін тәмәндәп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру оқытушысы ретінде бастап, бір жылдан соң әдіскер қызметіне ауысты. 2008 жылы әдістеме бөлімінің меңгерушісі. 2009 оқу және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары лауызыма ауыстырылды.

2014 жылдан 2018 жылдар аралығында  «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығы» МКҚМ директоры болып жұмыс атқарды. 

2018 жылдың сәуір айынан бастап Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары қызметінде жұмыс істеуде.

 

Жаңартылған күні: 11.04.2019 17:54
Құрылған күні: 24.10.2019 15:38

Текст