АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету

12.11.2020

«Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК қабылдау комиссиясы Сіздердің назарларыңызға 2020-2021 оқу жылында оқуға түсетін студенттерге мемлекеттік қызмет көрсетудің 12 негізгі кезеңін бөледі, сонымен қатар карантин кезінде қызметті онлайн көрсетеді.  

1. Колледжде оқу үшін өтініш қабылдау күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін жүргізіледі.

2. Білім беру ұйымында оқуға қабылдау өтінішіне оқуға түсушілер қосып тапсыратын құжаттар:

    1) білім туралы құжатының түпнұсқасын,

    2) № 086-У формадағы медициналық анықтама, І және ІІ топтағы мүгедектер үшін және бала кезінен мүгедектерге 088-У медико-әлеуметтік экспертизасының қорытындысы.

    3) 3х4 өлшемді 4 фотосурет.

3. Колледжге Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы білімнен кейінгі, сонымен қатар ерекше білім беруді талап ететін тұлғаларды білімі туралы құжаттарымен (куәлік, аттестат) қабылдайды.

4. Оқуға түсетін құжаттар оқуға түсушінің өзінің ұсынуымен немесе оның заңды өкілімен ұсынылады. 

5. Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі «Білім туралы» Заңының 26 бабының 8 тармағымен анықталған тұлғалар үшін қабылдау квотасы қарастырылған.

6. Білім беру ұйымына, қабылдау квотасы қарастырылған оқуға түсуші тұлғалар, санатын дәлелдейтін құжаттарды ұсынады. 

7. Орта буынды мамандарды дайындауды көздеген, техникалық және кәсіби білім беру бойынша білім беру бағдарламаларымен оқуға түсушілер үшін оқуға түсу емтихандары:  

1) жалпы орта білімі бар түсушілерге үш пәннен жүргізіледі  (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандығы бойынша пәннен);

2) негізгі орта білімі бар түсушілерге – екі пәннен негізгі орта білім бағдарламасының жалпы білім беру көлемінде (қазақ тілі немесе орыс тілі және мамандығы бойынша пәннен);

3) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы білімнен кейінгі, мамандығына сәйкес келмегенде, мамандығының профильді пәнінен жүргізіледі;

4) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғарғы білімнен кейінгі, мамандығына сәйкес келгенде, әңгімелесу формасында жүргізіледі.

8. Конкурс, қабылдау комиссиясының өткізген оқуға түсу емтиханыныдағы алған қорытынды балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

9. Оқуға түсу емтихандары кестеге сәйкес жүргізіледі. Оқуға түсу емтихандарының күні мен уақыты, өтетін орны көрсетілген кесте білім беру мекемесінің жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі де емтиханға дейін 3(үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей ақпараттық тақталарға және колледждің интернет ресурстарына орналастырылады.  

10. Мемлекеттік қызметті egov.kz, SmartNation, порталында онлайн алуға болады, сонымен қатар сервис EgovMobile мобильдік қосымшасында да қол жетімді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.11.2020 12:21
Құрылған күні: 25.11.2020 16:53

Текст