АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылы қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік қызметтер туралы есеп

02.03.2021

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК 2020 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мәселесінің қызметі туралы есебі

Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес «Көкшетау қаласы. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2020 жылы «Көкшетау қаласы. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК 105 мемлекеттік қызмет көрсетті (олардың ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы «Үкімет азаматтар үшін» -1 қызмет.)

«Көкшетау қаласы. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, көрсететін мемлекеттік қызметтері, тегін көрсетілетінін атап айтуға болады.

Өткен жылы колледж төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетті:

1) «Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелеріне» құжаттар қабылдау - 63 қызмет (қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы).

2) «Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім» беруді аяқтамаған, тұлғаларға анықтама беру – 5 қызмет( қағаз түрінде).

3) Білім алушыларды техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелерге аудару және қайта қабылдау – 3 қызмет (қағаз түрінде).

4) Білім беру мекемелеріндегі білім алушыларға академиялық демалыс беру – 0 қызмет.

5) Техникалық және кәсіби білім беру туралы құжаттардың төлнұсқасын беру – 0 қызмет.

6) Жеке санаттағы азаматтарға тегін тамақтануды ұсыну, сонымен қатар қамқорлықтағылар мен патронаттағы тұлғаларға, техникалық және кәсіби мекемелердің, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне – 29 қызмет (қағаз түрінде).

7) Білім беру мекемелерінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, бастапқы, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңелген тұлғалардың біліктілік санаттарын тағайындау (растау) аттестациясынан өту үшін құжаттарды қабылдау – 4 қызмет (Мемлекеттік корпорация арқылы).

Аналитикалық ақпараттарға қарағанда, 2020жылда ұсынылған мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бойынша ішкі бақылау жұмысы туралы есепте ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелеріне» құжаттар қабылдау болып шықты.

Колледж тұрақты түрде мемлекеттік қызмет көрсету реті туралы  халыққа ақпарат беру бойынша жұмысты БҰҚ, интернет-ресурстары және әлеуметтік жүйелер арқылы жүргізіп отырады.

Сонымен, колледждің ресми сайтында, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері орналастырылған «Мемлекеттік қызмет» бөлімі бар, сонымен қатар қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Сонымен бірге колледжде ақпараттық тақтада мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері орналастырылған. Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету, құқықтық көмек мақсатында, колледжде «Сенім телефоны» жұмыс істейді 87162-25-25-97.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін, колледжде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету аумағында біліктілік курсынан өтті.

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы. Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзімін бұзғаны туралы арыздар 2020 жылы түскен жоқ.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 02.03.2021 16:23
Құрылған күні: 05.03.2021 10:46

Текст