АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылға арналған Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы

20.10.2023

- Көрсетілетін қызметті берушіге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1. құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының атына өтініші;
2. білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3. тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім беру туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
- Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек)
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
- Қызмет нәтижесі:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
- Қызмет көрсету уақыты:
көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе ТжКБ ұйымына немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.10.2023 09:58
Құрылған күні: 23.10.2023 10:03

Текст