АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімін аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы

28.02.2023

Білім алушылар арасында ең сұранысқа ие қызметтердің бірі "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамаған адамдарға анықтама беру" болып табылады, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым Министрінің 22.05.2020 ж. №218 бұйрығы негізінде "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімін аяқтамаған адамдарға анықтамалар".

Бұл мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Қызмет аралық аттестаттау нәтижелері бойынша оқудан шығарылған, академиялық демалысқа шыққан оқуды төлемегені үшін және ТжКБ ұйымының жарғысында көзделген жағдайларда көрсетіледі.

Осы стандартқа сәйкес өтінішті қабылдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

2) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).

Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мынадай құжаттарды: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамау туралы анықтама беру себебі баяндалатын өтінішті; жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынсын.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді аяқтамаған адамдарға анықтама беру" болып табылады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (көрсетілетін қызметті алушыға) тегін негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан мына мекенжай бойынша алуға болады  www.edu.gov.kz



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2023 15:16
Құрылған күні: 28.02.2023 15:16

Текст