АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

25.02.2022

         «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК өз қызметін Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы №А-2/89 қаулысымен бекітілген Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

         Колледж Жарғысына және директордың, колледж қызметкерлерінің, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функциялар енгізілген.

          Колледжде egov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға арналған перефериялық құрылғылар бар. Еgov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына қызмет көрсетуге жауапты тұлға бекітілді.

         «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызметтердің 8 түрін пайдаланды, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1 қызмет.

          2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК  120  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          2021 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептерде ұсынылған талдамалық анықтамаларға сүйене отырып, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің анағұрлым сұранысқа ие болуы болып табылады.

        Өткен жылы колледж келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» – 40 қызмет (көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы).

2. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» - 2 қызмет (қағаз түрінде)

3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» – 3 қызмет (қағаз түрінде).

4. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» - 0 қызмет.

5. «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» -  4 қызмет.

6. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» - 30 қызмет (қағаз түрінде). 

7. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» - 33 қызмет (қағаз түрінде).

8. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» – 8 қызмет (Мемлекеттік корпорация арқылы)

        «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі" МКҚК көрсететін мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес тегін негізде ұсынылатынын атап өткен жөн.

         Колледж халықты БАҚ, интернет-ресурс және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

        2021ж. 2 наурызында колледж сайтында оқырмандар назарына «Білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету туралы» есеп орналастырылды.

        2021 ж. 4 наурызында «Степной маяк» газетінің 2021ж.04.03  №9 санында «Білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету туралы» мақала жарияланды.

         2021ж. 18 наурызында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы БКБ жиынында «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі" МКҚК директордың ОӨЖЖ орынбасары «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде» көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі талдау нәтижелері туралы» сөз сөйледі.

         2021ж. 19 қазанында сағат 15:30 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруде мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбында онлайн-жәрмеңке өтті. Тікелей эфирде келесі спикерлер сөз сөйледі: Темирова А.Б. (директордың ОӨЖЖ орынбасары), Мадиева Г. К. (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары), Серикбаева Б. Т. (кадр бөлімінің инспекторы).

         Колледжде мемлекеттік қызметтер белгіленген стандарттарға  сай көрсетіледі. Жауапты тұлға тағайындалды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сыртқы және ішкі сапасына мерзімді түрде мониторинг жүргізіледі.

         Колледждің ресми сайтында «Мемлекеттік қызмет» бөлімі бар, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, сондай-ақ қызметті алушылар үшін қажетті ақпарат орналастырылған.

          Сондай-ақ, колледжде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін анықтайтын қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілері бар стенд орналасқан. Үлестірме материал-буклеттер бар.

          Анықтамалық-ақпараттық, құқықтық көмек көрсету мақсатында колледжде «Сенім телефоны»  жұмыс істейді  8(7162)-25-25-97.

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар колледжде мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

           Көрсетілетін қызметті алушылар, жауапты тұлғалар жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстары құзыретті түрде жүргізіледі, сондай-ақ кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында, «Мемлекеттік қызмет» көрсету бағыты бойынша сұрақтар келіп түскен кезде толық жауаптар беріледі, есепті кезеңдегі көрсеткіштер айтылады, ұсыныстар мен туындайтын мәселелер талқыланады.

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету есебі дайындалып, Ақмола облысының «Білім басқармасына» ұсынылады.

         2021 жылы «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі" МКҚК Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және мерзімдерінің бұзылуына шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.02.2022 17:06
Құрылған күні: 25.02.2022 17:06

Текст