АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

28.02.2023

         «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК өз қызметін Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 ақпандағы №А-2/89 қаулысымен бекітілген Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

         Колледж Жарғысына және директордың, колледж қызметкерлерінің, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функциялар енгізілген.

          Колледжде egov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға арналған перефериялық құрылғылар бар. Еgov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына қызмет көрсетуге жауапты тұлға бекітілді.

         «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызметтердің 7 түрін пайдаланды,          2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі» МКҚК  107  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

          2022 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есептерде ұсынылған талдамалық анықтамаларға сүйене отырып, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің анағұрлым сұранысқа ие болуы болып табылады.

        Өткен жылы колледж келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» – 45 қызмет («Smart Nation» ААЖ арқылы).

2. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» - 4 қызмет (қағаз түрінде).

3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» – 5 қызмет (қағаз түрінде).

4. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» - 1 қызмет.

5. «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» -  3 қызмет (Мемлекеттік корпорация арқылы).

6. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» - 35 қызмет (қағаз түрінде). 

7. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» - 14 қызмет (қағаз түрінде).

        «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі" МКҚК көрсететін мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес тегін негізде ұсынылатынын атап өткен жөн.

         Колледж халықты БАҚ, интернет-ресурс және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

       Колледждің ресми сайтында «Мемлекеттік қызмет» бөлімі бар, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, сондай-ақ қызметті алушылар үшін қажетті ақпарат орналастырылған.

         Анықтамалық-ақпараттық, құқықтық көмек көрсету мақсатында колледжде «Сенім телефоны»  жұмыс істейді  8(7162)-25-25-97

      2022 жылы «Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі" МКҚК Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және мерзімдерінің бұзылуына шағымдар түскен жоқ.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2023 15:41
Құрылған күні: 28.02.2023 15:41

Текст