АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері

30.03.2021

Қауіпсіздік ережелері

Абайла, жұқа мұз!

- Күз бен көктем айларында мұзға ересектерсіз барма;

 - Мұзды оның беріктігіне көз жеткізбей басуға болмайды;

 - Мұзды басудан бұрын жақын жерде салынған жолдың немесе жаңа іздің бар-жоқтығын қара, бұл жол тексерілгендіктен соның бойымен қозғалған жақсы;

 - Мұздың беріктігін аяқпен тексеруге болмайды;

 - Мұздың бойымен алдағы жолды қарай отырып, асықпай қозғалған жөн, ал күдікті жерлерде мұздың жағдайын мықты таяқпен алдыңызды ұрғылай отырып жылжыған жөн;

 - Күзде өзен қатқан кезде мұз үстінде ойнауға болмайды;

 - Мұз қатқанмен жұқа болады. Оның үстімен жүруге, сырғанауға болмайды;

 - Аязда, боранды күні қалың киіну керек;

 - Аязды, боранды күні үйден алысқа ұзап шығуға болмайды.

Құрметті балалар!

Көктемгі су таситын мезгіл жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастады. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін. Төтенше жағдайлар талдауы көрсеткендей, соңғы үш жылда біздің облысымызда мұз жарылып суға кету бойынша көптеген қайғылы жағдайлар тіркелген. Өкініштісі, олардың арасында балалардың да болуы. Бұл жағдай ата - аналардың қарауынсыз қалу себебінен болып отыр. Балалар қауіпсіздік ережесіне мән бере қоймай жағалаудан сырғанап немесе мұз үстінде сырғанақ теуіп ойнайды. Бұл жағдайлар кейін өкінішке ұласады.

Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер. Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар - олар опырылып кетуі мүмкін. Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды. Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмеңдер. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ болыңдар.

                    

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.03.2021 17:41
Құрылған күні: 30.03.2021 17:41

Текст