АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «МУЗЫКАЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ БИРЖАН САЛА, ГОРОД КОКШЕТАУ»  ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы"

17.02.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.

Шәкәрім - жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.

Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты.

Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен.

Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген.

Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап іс қылуға, «құлқынның құлы болмай», «адамдық борыш – ар үшін қызмет ет», – деп өсиет еткен.

Шәкәрім өсиеті қазіргі өркениетті заманда да өз құндылығын жоймады, ол барша адамзаттың жан дүниесінің айнасы болуы қажет. Замандас жастардың міндеті – дала ойшылының жырлап өткен ар, борыш, адалдық сындық қасиеттерін бойында қалыптастыра білуі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Бейне-дәріске сілтеме:

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 16.02.2021 16:33
Құрылған күні: 17.02.2021 10:53

Текст